|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттік мекемесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 5 қазандағы № 1522 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізiлсiн: 1) "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1334 қаулысына: көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: IҮ "Шығыстар" бөлiмiнде: 12 "Көлiк және байланыс" функционалдық топтың 2 "Байланыстар жүйесi" iшкi функциясындағы "215 Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгі" мемлекеттік мекемесi" деген сөздер "611 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегі агенттiгі" мемлекеттік мекемесi деген сөздермен ауыстырылсын; 2) "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкiмшi-мекемелерiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысына: аталған қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық атқарушы органдар әкiмшiлiк ететiн бағдарламалар мен кiшi бағдарламалардың тiзбесiнде: 215 "Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлігі" мекемесi бойынша: 32 "Арнайы байланыспен қамтамасыз ету" бағдарламасы алынып тасталсын; 30 "Мемлекеттік фельдъегерлiк қызмет" кiшi бағдарламасы алынып тасталсын; 610 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі" мемлекеттік мекемесінің 1 "Республикалық деңгейдегі әкімшілік шығыстар" бағдарламасының 1 "Орталық органның аппараты" кіші бағдарламасынан кейін мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын: "611. "Қазақстан Республикасының құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі" мемлекеттік мекемесі, 32 "Арнаулы байланысты қамтамасыз ету" бағдарламасы, 30 "Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет" кіші бағдарламасы"; көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бағдарламаларды орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңға сәйкес мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуге жататын мекемелердің тізбесінде: "10 Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "10 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |