|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен алынған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомстволық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен брілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен алынған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомстволық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін: «Өтембаев Ержан Әбілхайырұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға болып Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Мусина Лилия Сәкенқызы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Биғалиев Ермекқали Аққалиұлы - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің хатшысы (келісім бойынша)»; «Аханов Серік Ахметжанұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары Айтжанов Дулат Нүлиұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «Аханов Серік Ахметжанұлы - Қазақстан Республикасының Экономика бірінші вице-министрі Айтжанов Дулат Нүлиұлы - «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» жабық акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы»; Ораз Әлиұлы Жандосов, Александр Владимирович Гусинский, Қадырбек Нағымұлы Есқалиев көрсетілген құрамнан шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |