|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі № 934 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Жергілікті қаржы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі № 934 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын: "2-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісім бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен аумақтық қаржы органдарының мүлкін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің коммуналдық меншігіне беруді қамтамасыз етсін. 2-2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің аумақтық қаржы органдары таратылсын. 2-3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен аумақтық қаржы органдарын таратуды жүзеге асырсын.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |