|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 наурыздағы ҚР Үкіметінің 20.01.01 ж. № 87 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 наурыздағы № 304 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 10, 90-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі туралы ережеде: 9-тармақтың үшінші абзацындағы "мемлекеттік" деген сөз "республикалық" деген сөзбен ауыстырылсын; 10-тармақта: 1) тармақшадағы "тапсырысшылар жүргізетін" деген сөздер алынып тасталсын; 2) тармақшадағы "әзірлеу" деген сөзден кейін "және өз құзыретінің шегінде оларды қабылдау" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: "2-1) мемлекеттік сыртқы заемдардың қаражаты есебінен сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңдарын қолдану мәселелері бойынша сол заемдар туралы келісімдердің жобаларын әзірлеуге қатысу;"; 8) тармақшадағы "шығару" деген сөз "шығаруды ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: "8-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдарын қолданудың тәжірибесін талдау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;"; 12-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "1) мемлекеттік органдар мен мекемелерден жүргізілген мемлекеттік сатып алу туралы, оның ішінде мемлекеттік сыртқы заемдар мен гранттардың қаражаты есебінен жүзеге асырылған сатып алу туралы есептерді, ақпараттар мен материалдарды сұратуға және алуға;"; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) мемлекеттік сатып алудың рәсімдері бұзылған жағдайда конкурстардың нәтижелерін қайта қарауға немесе қайтадан конкурстар өткізуге бастама жасауға;"; 19-тармақта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "3) заңдарда белгіленген тәртіппен: Агенттіктің қызметкерлерін көтермелеу жөнінде және оларға материалдық көмек көрсету жөнінде шешім қабылдайды; Агенттіктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;"; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "4) бұйрықтар шығарады;". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |