|
|
|
Белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу Белгілi тұрағы, жұмысы және күнкөрiс қаражаты жоқ адамдарға әлеуметтiк, медициналық және өзге де көмек көрсету, халықтың санитарлық-эпидемиялық жағдайын қамтамасыз ету және қоғамдық тәртiптi нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне 2000 жылдың 1 маусымына дейiн 100 мың адамнан артық халқы бар қалаларда заңдарда белгiленген тәртiппен: Белгілi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу орталықтарын құру; пайдалануға жарамды бос тұрған үй-жайларды Белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу орталықтарының балансына өткізу; Белгілi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу орталықтарын жергілiктi бюджеттердiң және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да қаржы көздерiнiң қаражаты есебiнен қаржыландыруды көздеу ұсынылсын. 2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгімен және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгімен келiсе отырып, Белгілi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу орталықтарының қызметiн ұйымдастыру туралы Ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне жүктелсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |