|
|
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1036 қаулысымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді Мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Ақпараттарды техникалық қорғау орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын. ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1036 қаулысымен қаулысымен 2-тармақ алынып тасталды 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі заңдарда белгіленген тәртіппен: 1) Мекеменің жарғысын бекітсін және оны әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін; 2) Осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын. ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1036 қаулысымен қаулысымен 3-тармақ алынып тасталды 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысы: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі" деген 3-тарау мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Ақпараттарды техникалық қорғау орталығы 14" 2) "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге көліктік қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдерді пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге көліктік қызмет көрсетуге арналған автомобильдердің тиесілілік табелінде: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі" тарауында: "Арнайы жеңіл автомобильдерді пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер" және "Автомобильдердің шекті саны" бағандары мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Ақпараттарды техникалық қорғау орталығы 1" 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |