|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) "Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің Бағдарламалық займын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 22 қаңтардағы № 74 қаулысына: 2, 5 және 9-тармақтардың күші жойылды деп танылсын; 6-тармақтағы "Сатып алу процедурасын сақтауды бақылау жасау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Сырттан қарыз алу жөніндегі комитетіне жүктелсін" деген сөздер алынып тасталсын; 2) "Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің Бағдарламалық займын жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 тамыздағы № 1258 қаулысына: 4-тармақтың үшінші-тоғызыншы және он екінші абзацтары алынып тасталсын; 3) "Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің Бағдарламалық займын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 17 наурыздағы № 227 қаулысына: 1-тармақтың екінші абзацының және 3-тармақтың күші жойылды деп танылсын; аталған қаулыға 2-қосымшада: 3-тармақтағы "20" деген сан "60" деген санмен ауыстырылсын; 4-тармақ "3 (үш) айдан аспайтын мерзімге" деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігімен (бұдан әрі - Агенттік)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен" деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақтағы "және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың" деген сөздер алынып тасталсын; 10-тармақта: екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "заңдарда белгіленген тәртіппен құны 200 000 (екі жүз мың) АҚШ долларынан асатын жобалар бойынша - Қордың Директорлар кеңесінің"; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "заңдарда белгіленген тәртіппен құны 200 000 (екі жүз мың) АҚШ долларынан аспайтын жобалар бойынша - Қор басқармасының"; 12-тармақтағы "Қордың Байқаушы кеңесінің және Үйлестіру кеңесінің" деген сөздер "Қордың Директорлар кеңесінің" деген сөздермен ауыстырылсын; 15-тармақтағы "Үйлестіру кеңесі" деген сөздер "Қордың Директорлар кеңесі" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |