Соттардың азаматтық iс жүргiзу заңының кейбір нормаларын қолдануы Соттардың азаматтық iс жүргiзу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы ҚР Жоғарғы Сотының 20.03.2003 ж. № 2 нормативтік қаулысымен күші жойылды Сот тәжiрибесiнде азаматтық iс жүргiзу заңының нормаларын қолдану барысында туындайтын мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң (әрi қарай АIЖК-нiң) 6-бабында бекітілген принциптерге сәйкес сот iстердi азаматтық сот өндiрiсi тәртібімен шешкен кезде Қазақстан Республикасы Конституциясының, ҚР АIЖК-нiң, басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын бұлжытпай орындауға мiндеттi. ҚР Конституциясының 78 бабы және АIЖК-нiң 6 бабының 2 бөлігін сот iс өндiрiсiн тоқтата тұрып, заңды немесе басқа да нормативтiк құқықтық актiнi конституциялық емес деп тану туралы Конституциялық Кеңеске ұсыныс жасауға мiндеттi деген ережесi, тек егер заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт азаматтардың Конституцияда баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған жағдайларға тарайды. Басқа жағдайларда сот жоғары деңгейдегi актi нормаларын қолдануға мiндеттi. Соттың Конституциялық Кеңеске ұсыныс жасау туралы және iстi өндiрiстен тоқтата тұру туралы соттың ұйғарымы сот ұсынысына қол қоятын лауазымды адамдар үшiн мiндеттi болып табылады (ҚР АIЖК 21 б. 2т.). Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.10.30. № 15 қаулысымен.s 2. Азаматтық iстер бойынша заңды және негiзделген сот актілерін шығарудың маңызды шарты соттардың оларды қарау кезiнде азаматтық сот iсiн жүргiзудiң заңмен белгiленген принциптерi - заңдылықты, бәсекелестiктi, тараптардың теңдiгiн, жариялылықты, сот iсiн жүргiзу тілін және басқаларды дәл әрi мүлтiксiз сақтауы болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|