|
|
|
"Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы ҚР Үкіметінің 28.02.01 ж. № 290 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамы акционерлерiнiң жалпы жиналысына: Жанәбiлов Мият Саттарұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Өндiрiстiк бөлiмiнiң меңгерушiсi, төраға; Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi; Жәмiшев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы бiрiншi вице-министрi; Бектасов Әбен Ағыбайұлы құрамында Директорлар кеңесiн сайлауды; 2) қоғамның тиiстi органына Әбен Ағыбайұлы Бектасовты "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының президентi етiп сайлауды; 3) көрсетiлген құрамнан Бiржан Мұхаметжанұлы Мәдиевтi, Нұрлан Зәркешұлы Сақыповты шығаруды ұсынсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк комитетi мен Көлiк және коммуникациялар министрлігі "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының мәселелерi бойынша бұрын қабылданған өзiнiң барлық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн. 3. "Кейбiр акционерлік қоғамдардың мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 26 наурыздағы № 308 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 10, 92-құжат) 1-тармағы 8) тармақшасының жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |