|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24-сәуірдегі № 463 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 14, 142-құжат): 1-тармағындағы "2002" деген сан "2003" деген санмен ауыстырылсын; 4-тармағындағы "2001-2003" деген сандар "2001-2004" деген сандармен ауыстырылсын. 2) "Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын әзірлеу, жүргізу және материалдарын өңдеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 маусымдағы № 830 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 25, 290-құжат): 2-тармағының екінші абзацындағы "2001" деген сан "2002" деген санмен ауыстырылсын; 2-тармағының үшінші абзацындағы "2001 жылдың 1 тамызына дейін" деген сөздер "2002 жылдың 1 шілдесіне дейін" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармағындағы "2001 жылдың 1 қазаны" деген сөздер "2002 жылдың 1 шілдесі" деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармағындағы "2002 жылдың қыркүйегінен бастап" деген сөздер "2003 жылдың қаңтарынан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармағындағы "2000-2003" деген сандар "2000-2004" деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |