|
|
|
"Алатау" баспа-полиграфиялық корпорациясы" республикалық мемлекеттік Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Алатау" баспа-полиграфиялық корпорациясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны: 1) аудандық баспаханалардың мүлiктiк кешендерiн бөлу және олардың базасында "Алатау" баспа-полиграфиялық корпорациясы" ашық акционерлік қоғамын (бұдан әрi - "Алатау" БПК" ААҚ) құру; 2) қалалық баспахана мүлiктiк кешенiн бөлу және оның базасында құрылтайшылар құрамына 30 пайыздан аспайтын қатысушы үлесiмен "Сын" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiн енгiзе отырып, "Алматы-Болашақ" жабық акционерлік қоғамын (бұдан әрi - "Алматы-Болашақ" ЖАҚ) құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi: 1) "Алатау" БПК" ААҚ мен "Алматы-Болашақ" ЖАҚ-ның жарғыларын бекіту кезiнде олардың негiзгi қызмет түрлерiн анықтасын және олардың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) "Алатау" БПК" ААҚ мен "Алматы-Болашақ" ЖАҚ-ның акцияларының мемлекеттік пакеттерiнiң олардың жарғылық капиталдарының 33 пайызы мөлшеріндегі бөлiгiн жекешелендiрудi жүзеге асырсын; 3) "Алатау" БПК" ААҚ мен "Алматы-Болашақ" ЖАҚ акцияларының мемлекеттік пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асырушы уәкiлеттi орган етiп Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігін белгiлесiн; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Акциялардың мемлекеттік пакеттерi мен олардың үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзбесіндегi: "Алматы қ." бөлiмi: мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 293 және 293-1-жолдармен толықтырылсын: "293. "Алатау" БПК" ААҚ; 293-1. "Алматы-Болашақ" ЖАҚ"; 2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану құқығы берiлетiн салалық министрлiктер тiзбесіндегі: "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" бөлiмi: мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-1 және 224-2-жолдармен толықтырылсын: "224-1. "Алатау" БПК" ААҚ; 224-2. "Алматы-Болашақ" ЖАҚ"; 3) "Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1271 қаулысындағы: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға жатқызылған кәсiпорындар тiзбесіндегі реттiк нөмiрi 4-жол алынып тасталсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |