|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіндегі: "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 512-32-жолмен толықтырылсын: "512-32 "Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласы"; 2) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 164-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесіндегі: "Театрлар" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-1-жолмен толықтырылсын: "9-1. Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |