|
|
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Өнер саласында мамандар дайындауды тиянақты қаржылық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мына республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары қайта құру жолымен: 1) Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясы - «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясы» мемлекеттік мекемесі; 2) Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы - «Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы» мемлекеттік мекемесі; 3) Қазақ ұлттық музыка академиясы - «Қазақ ұлттық музыка академиясы» мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгіленген тәртіппен: 1) құрылатын мекемелердің жарғыларын бекітсін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) көрсетілген мекемелердің штат саны шегін бекіту жөнінде ұсыныс енгізсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Құрылатын мекемелерді қаржыландыру 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаржылар шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |