|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 50, 473-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 1-тармақта: мыналар Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін: Кәрібжанов Қайрат - Қазақстан Республикасының Көлік, Сәлімұлы коммуникациялар және туризм вице-министрі Нигай Эдуард - Қазақстан Республикасы Төтенше Михайлович жағдайлар жөніндегі агенттігінің Астана қаласындағы уәкілетті өкілі Тәжияқов Бисенғали - Қазақстан Республикасының Шамғалиұлы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Өртембаев Асқар - Қазақстан Республикасының Қалмұхаметұлы Премьер-Министрі орынбасарының - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кеңесшісі, хатшы "Дробжев Виктор Иванович - Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым Академиясы Мемлекеттік ғылыми- техникалық сараптама және ақпараттық инфрақұрылымдар департаментінің директоры" деген жолдағы "ақпараттық" деген сөз алынып тасталсын; "- Ғылым академиясы" деген сөздер "және жоғары білім" деген сөздермен ауыстырылсын; Құзытбаева Ажар Қилымбекқызы, Абдулина Нәйла Құрманбекқызы және Нұр-Ахмет Досмұхамет көрсетілген құрамнан шығарылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ережеде: I "Жалпы ережелер" тарауының 2-тармағында: "Көлік, коммуникациялар министрлігінің" деген сөздер "Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің" деген сөздермен; "- Ғылым академиясының" деген сөздер "және жоғары білім" деген сөздермен; "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (келісім бойынша)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің" деген сөздермен ауыстырылсын; ІІІ "Комиссияның қызметін ұйымдастыру" деген тараудағы 12-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Бас есептеу орталығы" деген сөздер "Қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |