Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым Министрінің 2000 жылғы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдауды ұйымдастыру сапасын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым Министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы № 247 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарына қабылдаудың Типтiк ережелерiн бекіту туралы" бұйрығына мына өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: Көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарына қабылдаудың Типтiк ережелерiне: 1-тармақ мына редакцияда мазмұндалсын: "1. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына Қазақстан Республикасының жалпы орта, орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк білімi бар азаматтар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады."; 2-тармақ мына мазмұнды үшiншi абзацпен толықтырылсын: "Қазақ ұлтының басқа мемлекет азаматы болып табылатын өкiлдерiне мемлекеттік білім несиесiн алуға Қазақстан Республикасының азаматымен бiрдей құқық берiледi."; 3-тармақ мына редакцияда мазмұндалсын: "3. Жоғары оқу орындарына түсетiн азаматтар қабылдау емтихандарын кешендi тестiлеу түрiнде тапсырады. Кешендi тестiлеу Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Мемлекеттік білім стандарттары мен тестiлеу ұлттық орталығы (бұдан әрi - МБСТҰО) әзiрлеген технология бойынша жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына орта кәсiптiк білімi бар азаматтарды мемлекеттік білім тапсырысының қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға қабылдау кешенді тестiлеу негiзiнде мемлекеттік сертификатты берумен қатар жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|