2001 жылғы 15 ақпандағы
бекітілді ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды Ішкі кедендік транзиттің рәсімі туралы нұсқаулық 1. Ішкі кедендік транзиттің рәсімі туралы осы Нұсқаулық (бұдан әрі Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы" (бұдан әрі - Кеден ісі туралы заң) Қазақстан Республикасы Заңының 165, 166-баптарына сәйкес әзірленді және тауарларды кедендік бақылаумен алып жүрген кезде олардың жеткізіліміне бақылау жасаудың тәртібін белгілейді. 2. Осы Нұсқаулықта төмендегі атаулар мыналарды білдіреді: ішкі кедендік транзиттің рәсімі (бұдан әрі - ІКТ рәсімі) - Қазақстан Республикасының жіберуші кеден органынан бастап жеткізілетін кеден органына дейін кедендік бақылаумен тауарларды тасымалдаудың белгіленген тәртібі; жіберуші кеден органы - Қазақстан Республикасының кеден органы, онда ІКТ рәсімі бойынша тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бір бөлігін тасымалдау басталады; жеткізілетін кеден органы - Қазақстан Республикасының кеден органы, онда ІКТ рәсімі бойынша тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бір бөлігін тасымалдау аяқталады; аралық кеден органы - Қазақстан Республикасының кеден органы, онда ІКТ рәсімі бойынша тауарлар тасымалдайтын көлік құралдарына немесе контейнерлеріне ішінара үстеме жүк тиеу немесе түсіру жүргізіледі; жүгі ауыр немесе көлемі үлкен тауарлар - әдетте өзінің салмағына, көлеміне немесе сипатына байланысты жабық көлік құралында немесе жабық контейнерде тасымалданбайтын кез келген ауыр немесе көлемді зат; отандық тауарлар - Қазақстан Республикасының шығатын тауарлар немесе Қазақстан Республикасының аумағында еркін айналысқа жіберілген тауарлар; тасымалдаушы - iс жүзiнде тауарды алып жүретiн немесе көлiк құралын пайдаланғаны үшiн жауапты болып табылатын адам. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|