2001 жылғы 15 ақпандағы
бекітілді ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы құбыр желісі енгізілген өзгерістерімен) 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы құбыр желісі көлiгiмен және электр беру желiлерi бойынша өткізілетін тауарларды кедендiк ресiмдеудiң осы Тәртібі (бұдан әрi - Тәртіп) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы арналы мұнай желісімен, мұнай өнiмдерi желісімен және газ желісімен (бұдан әрi - құбыр желісі көлiгi) және электр беру желiлерi бойынша тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң тәртібін белгiлейдi. Осы Ереженiң күшi сондай-ақ тауарларды араласқан әртүрлi көлiк түрлерiмен, солардың бiрi болып табылатын құбыр желісі көлiгiмен тасымалдауға қолданылады. 2. Түтiк желісі көлiгiмен және электр беру желiлерi бойынша тасымалданатын тауарларды кеден ресiмдеу Кеден iсi туралы заңмен, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiмен, сондай-ақ осы Ережеде көзделген тәртiптегi олардың кеден режимдерiне сәйкес жүргiзiледi. 3. Тауарларды кедендiк ресiмдеу тауарлар тұрған орын бойынша кеден органы қызметiнiң аймағында осы үшiн белгiленген орындарда жүргiзiледi. Тауарды тасымалдаушы тұлға кеден органына кедендiк және валюталық бақылауды жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi тапсырады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi (бұдан әрi - Кеден комитетi) кейбір тауар түрлерiн өткізудiң, бақылау орнының және кедендiк ресiмдеудiң нақты пунктерiн айқындай алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|