|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар): 1) 4-баптың екінші бөлігіндегі "Ішкі істер министрі" деген сөз алып тасталсын; 2) 7-баптың үшінші абзацындағы "Ішкі істер министрін -" деген сөздер алып тасталсын; 3) 10-бапта: тақырыбындағы "- Қазақстан Республикасы ішкі әскерлерінің Қолбасшысы" деген сөздер алып тасталсын; бірінші абзацтағы " - ішкі әскерлер Қолбасшысы" деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: "ішкі әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметіне жедел басшылықты жүзеге асырады, әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу жөніндегі шаралар қолданады;"; бесінші абзац "орналастыруын" деген сөзден кейін "белгілейді" деген сөзбен толықтырылсын және "белгілейді" деген сөз "бекітеді" деген сөзбен ауыстырылсын; алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: "ішкі әскерлердің тұрақты жауынгерлік және жұмылдырушылық әзірлігін сақтау жөнінде шаралар қолданады;"; жетінші абзац алып тасталсын; сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскерлерді шақыру бойынша және келісім-шарт бойынша мерзімді қызметтің әскери қызметшілерімен жасақтау, олардың запасқа босатылуын ұйымдастыру жөніндегі жоспарларды бекітеді; тоғызыншы және оныншы абзацтар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын; "ішкі әскерлердің жоғары әскери оқу орындарының бастықтарын, ішкі әскерлер құрамаларының командирлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, ішкі әскерлердің офицерлерін қызметтен босатады, офицерлік құрамның бастапқы әскери атағын және "полковник" әскери атағын береді".; он екінші абзац алып тасталсын; 4) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын: "10-1-бап. Ішкі әскерлер қолбасшысы Ішкі әскерлер қолбасшысы: ішкі әскерлердің тұрақты жауынгерлік және жұмылдырушылық әзірлігін сақтап отырады; әскерлердің қызметтік-жауынгерлік қызметіне, жедел және жауынгерлік әзірлігіне, озық тәжірибені енгізуге, материалдық базаны дамытуға және жеке құрам үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауға басшылық жасайды; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскерлерді шақыру бойынша және келісім-шарт бойынша мерзімді қызметтің әскери қызметшілермен жасақтау, олардың запасқа босатылуын ұйымдастыру жөніндегі жоспарларды әзірлейді; бұйрықтар, директивалар, өкімдер шығарады және құрамалардың, әскери бөлімдерінің штаттарын бекітеді; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі әскерлер офицерлерінің әскери қызметтен өту мәселелерін шешеді, қызметке тағайындайды, қызметтен босатады, кезекті әскери атақтар береді, подполковникті қоса алғанда оларды запасқа немесе отставкаға шығарады; Ішкі істер министріне ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін, қызметшілерін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар енгізеді; әскерлерді қаруландыруға (жабдықтауға) әскери және өзге де техника мен басқа да мүлікті қабылдайды, жарамсыз болып қалған немесе әскери (бюджеттік) есептегі жоғалған материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен есептен шығарады."; 5) 11-баптың екінші абзацындағы "- Қазақстан Республикасы ішкі әскерлер Қолбасшысының" деген сөздер алып тасталып, "Ішкі істер министрі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің" деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 13-баптың екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің -" деген сөздер алып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат): 1) 6-бапта: тақырыбындағы "- ішкі әскерлер қолбасшысы" деген сөздер алып тасталсын; 1-тармақтағы "- Ішкі әскерлер қолбасшысы (бұдан әрі - Ішкі істер министрі)" деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) Ішкі әскерлер қолбасшысы қызметіне тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне кандидатура ұсынады;"; 2) 7-баптың 1-тармағы алып тасталсын. Қазақстан Республикасының Президенті
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |