|
|
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
"Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 25.07.02 ж. № 832 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдік берген заемдарын тiркеу және есепке алу ережесi бекітілсiн. 2. Мыналардың: 1) "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының мемлекеттік сырттан қарыз алу және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сыртқы заемдары бойынша мемлекеттік сыртқы борышты басқару саласындағы қызметiн үйлестiрудiң тәртібі туралы ереженi, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдiктерiн берудiң тәртібі мен шарттары және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттік сыртқы заемдар мен мемлекеттік емес сыртқы заемдарды тiркеудiң тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi № 1366 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 43, 401-құжат); 2) "Астана-Сити" объектiлерi кешенi бiріншi кезеңiнің құрылысын бастау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 22 сәуірдегі № 445 қаулысының 3-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 14, 137-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 14 маусымдағы № 819 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген заемдарын тiркеу және есепке алу ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже "Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген заемдарын тiркеудiң және есепке алудың тәртібін анықтайды. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген заемдарын тiркеуді және есепке алуды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрi - Қаржы министрлігі) жүзеге асырады. 3. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк); Қазақстан Республикасының жергілiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органдар) тартатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік заемдары (бұдан әрi - мемлекеттік заемдар); 2) Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдiк берген заемдары (бұдан әрi - мемлекет кепiлдiк берген заемдар) тiркеуге және есепке алуға жатады. 2. ?кіметтiк заемдарды тiркеу және есепке алу 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі тартқан заемдарды тiркеу және есепке алу: 1) заем туралы келісім (шарт) жасасу нысанында - заем туралы келісім (шарт) негізінде жүзеге асырылады; 2) халықаралық капитал рыноктарына орналастырылатын мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы нысанында - мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы және оларды орналастырудың нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының негізінде жүзеге асырылады; 3) ішкі капитал рыноктарына орналастырылатын мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы нысанында, аукцион өткізу немесе жазылу әдісі арқылы мемлекеттік бағалы қағаздарды бастапқы орналастырудың нәтижелері және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" жабық акционерлік қоғамының мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырудың көлемін растау негізінде жүзеге асырылады. 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі тартқан заемдарды тіркеу нөмірін беру және оны мемлекеттік заемдардың тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырылады. 6. Қазақстан Республикасының Үкіметі тартқан заемдарды есепке алу заем туралы келісімнің немесе мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының негізгі есепті сипаттамаларын (заемның нөмірі және оны ресімдеу күні, заемның түрі, несие беруші, заемның валютасы және сомасы, заемның мерзімі, сыйақы ставкалары) дерекқорға енгізу жолымен жүргізіледі. 7. Мынадай нысанда Қазақстан Республикасының Үкіметі тартқан үкіметтік заемдарды тіркеу: 1) заем туралы келісім (шарт) жасасу - заем туралы келісімге (шартқа) қол қойылғаннан кейін 15 күн ішінде жүзеге асырылады; 2) мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы - Қаржы министрлігі эмиссия жүргізгеннен кейін 5 күн ішінде жүзеге асырылады. 3. Ұлттық Банктің заемдарын тіркеу және есепке алу 8. Ұлттық Банк тартқан заемдарды тіркеу және есепке алу: 1) заем туралы келісім (шарт) жасасу нысанында - заем туралы келісімнің (шарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесі негізінде жүзеге асырылады; 2) мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы нысанында - "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" жабық акционерлік қоғамының Ұлттық Банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырудың көлемін растау негізінде жүзеге асырылады. 9. Ұлттық Банк тартқан заемдарды тіркеу (айналыстағы ақша қорын реттеу үшін шығарылатын Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарынан басқа) заемға тіркеу нөмірін беру және оны мемлекеттік заемдардың тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырылады. 10. Ұлттық Банк тартқан заемдарды есепке алу (айналыстағы ақша қорын реттеу үшiн шығарылатын Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноталарынан басқа) заем туралы келісімнiң немесе Ұлттық Банктiң бағалы қағаздар эмиссиясының негізгі есепті сипаттамаларын (заемның нөмірі және оны ресімдеу күні, заемның түрі, несие беруші, заемның валютасы және сомасы, заемның мерзімі, сыйақы ставкалары) дерекқорға енгізу жолымен жүргiзiледi. 11. Ұлттық Банк өзi тартқан заемдарды тiркеу үшiн осы Ереженiң 8-тармағында көрсетілген құжаттарды заем туралы келісімге (шартқа) қол қойылғаннан немесе мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясын өткiзгеннен кейiн 15 күн iшiнде Қаржы министрлігіне ұсынады. 12. Ұлттық Банктiң заемдарын тiркеу тиiстi құжаттар ұсынылғаннан кейiн 10 күн iшiнде жүзеге асырылады. 4. Жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын тiркеу және есепке алу 13. Жергiлiктi атқарушы органдар тартқан заемдарды тiркеу және есепке алу: 1) заем туралы келісім (шарт) жасасу нысанында - заем туралы келісімнiң (шарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесi негiзiнде жүзеге асырылады; 2) мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы нысанында - аймақтық инвестициялық бағдарламаны келiсу туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысы және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" жабық акционерлік қоғамының жергілiктi атқарушы органның мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастырудың көлемiн растау негiзiнде жүзеге асырылады. 14. Жергілiктi атқарушы органдар тартқан заемдарды тiркеу заемға тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекеттік заемдардың тiзілiміне енгізу жолымен жүзеге асырылады. 15. Жергiлiктi атқарушы органдар тартқан заемдарды есепке алу заем туралы келісімнiң немесе мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының негiзгi есептi сипаттамаларын (заемның нөмiрi және оны ресiмдеу күнi, заемның түрi, несие берушi, заемның валютасы және сомасы, заемның мерзiмi, сыйақы ставкалары) дерекқорға енгізу жолымен жүргiзiледi. 16. Жергiлiктi атқарушы органдар өздерi тартқан заемдарды тiркеу үшін осы Ереженің 13-тармағында көрсетiлген құжаттарды заем туралы келісімге (шартқа) қол қойылғаннан немесе мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясын өткiзгеннен кейін 15 күн ішінде Қаржы министрлігіне ұсынады. 17. Жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын тiркеу тиiстi құжаттар ұсынылғаннан кейiн 10 күн iшiнде жүзеге асырылады. 5. Мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тiркеу және есепке алу 18. Мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тiркеу және есепке алу заем туралы келісімнiң (шарттың) нотариалды куәландырылған көшiрмесi негізiнде жүзеге асырылады. 19. Заемшылар өздерi тартқан мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тiркеу үшiн осы Ереженiң 18-тармағында көрсетiлген құжатты заем туралы келісімге (шартқа) қол қойылғаннан кейiн 15 күн ішінде Қаржы министрлігіне ұсынады. 20. Мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тiркеу заемға тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекет кепiлдiк берген заемдардың тiзiлiмiне енгізу жолымен жүзеге асырылады. 21. Мемлекет кепiлдiк берген заемдарды есепке алу заем туралы келісімнің негізгі есепті сипаттамаларын (заемның нөмірі және оны ресiмдеу күнi, заемның түрi, несие берушi, заемның валютасы және сомасы, заемның мерзiмi, сыйақы ставкалары) дерекқорға енгізу жолымен жүргiзiледi. 22. Мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тiркеу заемшы тиiстi құжаттарды ұсынғаннан кейiн 10 күн iшiнде жүзеге асырылады. 6. Ерекше жағдайлар 23. Тiркелген құжаттарға, сондай-ақ өздерінің негiзiнде мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген заемдарды тiркеу жүргiзiлген құжаттарға енгiзiлетiн өзгерістер туралы ақпаратты заемшы осындай өзгерістер енгiзiлгеннен кейiн 10 күн iшiнде есепке алу үшiн Қаржы министрлігіне ұсынуы тиiс. 24. Заем туралы келісімдер (шарттар) жасасу нысанында тартылған мемлекет кепiлдiк берген заемдарды және мемлекеттік заемдарды тiркеу кезiнде Қаржы министрлігі заемшыға осы Ереженiң 1 және 2-қосымшаларына сәйкес белгiленген нысандағы тiркеу куәлiгiн бередi. Ережеге 1-қосымша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі N Тіркеу куәлігі __________ қаласы 200_ жылғы "__"___________ Осымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік заемдар тізілімінде ______ нөмірмен мынадай мемлекеттік заем туралы келісімді (шартты) тіркейді. БНК, ЖНК _______________200_ жылғы "__"___________ N______ Несие беруші ______________________________________________ (несие берушінің атауы, орналасқан жері) Заемшы ______________________________________________ (заемшының атауы, орналасқан жері) Несие желісі ______________________________________________ Қарыз алу түрі ______________________________________________ Қарыз алу мақсаты ______________________________________________ Заемның сомасы ______________________________________________ Валютаның атауы ______________________________________________ Игеру кезеңі ______________________________________________ (басталған күні - аяқталған күні (пайдалану мерзімі) Өтеу кезеңі ______________________________________________ басталған күні - аяқталған күні Өтеу көздері ______________________________________________ (көздің атауы) Ілеспе шығыстардың көздері: шығыстардың атауы ________ көзі _________________________ шығыстардың атауы ________ көзі _________________________ Осы келісімге мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі: ___________________________________________________________________________ N ! Құжаттың түрі ! Құжаттың нөмірі ! Ресімделген күні ! ___!______________________!_______________________!_______________________! ___!______________________!_______________________!_______________________! Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі ____________________ Ережеге 2-қосымша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі N Тіркеу куәлігі __________ қаласы 200_ жылғы "__"___________ Осымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекет кепілдік берген заемдар тізілімінде ______ нөмірмен мынадай кепілдік берген заем туралы келісімді (шартты) тіркейді. Несие келісімі _______________200_ жылғы "__"___________ N______ Мемлекеттік кепілдік _____________200_ жылғы "__"___________ N_____ Несие беруші ______________________________________________ (несие берушінің атауы, орналасқан жері) Заемшы ______________________________________________ (заемшының атауы, орналасқан жері) Несие желісі ______________________________________________ ______________________________________________ Заемның сомасы ______________________________________________ Валютаның атауы ______________________________________________ Игеру кезеңі ______________________________________________ (басталған күні - аяқталған күні (пайдалану мерзімі) Өтеу кезеңі ______________________________________________ басталған күні - аяқталған күні Өтеу көздері ______________________________________________ (көздің атауы) Ілеспе шығыстардың көздері: шығыстардың атауы ________ көзі _________________________ шығыстардың атауы ________ көзі _________________________ Осы келісімге мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі: ___________________________________________________________________________ N ! Құжаттың түрі ! Құжаттың нөмірі ! Ресімделген күні ! ___!______________________!_______________________!_______________________! ___!______________________!_______________________!_______________________! Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі ____________________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |