|
|
|
Қазақстан РеспубликасыҮкіметiнiң 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысымен күші жойылды
Акциялардың мемлекеттік пакетiн бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында сату тәртібін құқықтық регламенттеудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметi қаулы етеді: 1. «Мемлекетке тиесiлi акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан РеспубликасыҮкіметінiң 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 40, 367-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекетке тиесiлi акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесінде: 1) мәтіндегі «Комитет», «Комитеттiң» деген сөздер «Сатушы», «Сатушының» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 1-бөлiмнiң тақырыбындағы «Қазақстан» деген сөз «Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi (бұдан әрi - Комитет)»деген сөздер «заңнамалық кесiмдерге сәйкес республикалық немесе коммуналдық меншiктi иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік орган (бұдан әрi - Сатушы)»деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Акцияларды сату Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтiн қор биржасының (бұдан әрi - қор биржасы) сауда жүйелерiнде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы қолданыстағы заңнамасына және тиiстi қор биржасының Биржалық сауда ережесіне сәйкес жүргізіледi.»; 5) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Акциялардың мемлекеттік пакетiн қор биржасы арқылы сатуға дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мен үйлестiрудi Сатушы Сатушының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың немесе олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң уәкiлеттi өкiлдерiнен құрған Мемлекеттік меншiк объектілерін жекешелендiру мәселелерi жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жүзеге асырады. Комиссия мүшелерiнiң саны кемiнде 5 адамды құрауы тиiс. Комиссияның төрағасы Сатушының өкiлi болып табылады.»; 6) 4-тармақтағы «шешiм, сатудың неғұрлым қолайлы кезеңiн белгiлеу мақсатында, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарына жүргiзiлген мониторингтi ескере отырып қабылданады» деген сөздер «шешiмдi Комиссияның ұсынымдарын ескере отырып, Сатушы қабылдайды» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) мынадай мазмұндағы 4-1-жолмен толықтырылсын: «Сату туралы хабарламаны Сатушы Қазақстан Республикасының жекешелендiру туралы заңнамасында көзделген мерзiмдерде мемлекеттік және орыс тiлдерiнде республикалық ресми баспасөзде жариялауы тиiс және онда мынадай мәлiметтер: 1) сауда-саттықтың басталатын күнi мен уақыты; 2) сауда-саттық өтетiн орын; 3) акциялар шығарушының атауы; 4) шығарушы туралы мәлiметтер; 5) сатылатын акциялардың саны; 6) Қазақстан Республикасының жекешелендiру және бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көзделген өзге де мәлiметтер қамтылуы тиiс.»; 8) 5-тармақтағы «республикалық» деген сөз «тиiстi» деген сөзбен ауыстырылсын; 9) 2-4-бөлiмдердiң атаулары алынып тасталсын; 10) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Бағалы қағаздардың отандық рыногында акцияларды сату құқығына брокерлiк компанияны таңдауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес Сатушы жүзеге асырады.»; 11) 8-10, 12-15, 20-тармақтар алынып тасталсын; 12) 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «22. Бағалы қағаздардың халықаралық рыногында акцияларды сату жөніндегі менеджердi (бұдан әрi - менеджер) таңдауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тендерлiк комиссия жүзеге асырады.»; 13) 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «23. Қазақстан Республикасының?кіметi бекiтетiн тендерлiк комиссияның құрамына Сатушының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де мүдделi ведомстволардың өкiлдерi кiредi.»; 14) 24-тармақтың 3) тармақшасының қазақша мәтіні өзгеріссіз сол күйінде қалдырылсын; 15) 28-тармақ алынып тасталсын; 16) 29 және 30-тармақтардағы «Комитетке» деген сөз «Сатушыға» деген сөзбен ауыстырылсын; 17) 34-тармақтағы «республикалық» деген сөз «тиiстi» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |