|
|
|
Мұнай-газ тасымалы саласын дамытудың жекелеген мәселелерi Қазақстан "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңы 18-бабының 3) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің "Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттiң мүдделерiн одан әрi қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығын орындау үшiн, сондай-ақ мемлекеттік мүдделердi қорғау, мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, мұнай-газ тасымалы саласында бiрыңғай саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі магистральды мұнай құбырларымен мұнай мен газ тасымалдауға, кейiннен оларды сақтауға және көлiктiң басқа түрлерiне қотарып құюға байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiн жоспарлау, жобалау, салу мәселелерi бойынша, сондай-ақ мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымының бар объектiлерiн пайдалану мәселелерi бойынша құрылыс қызметi саласында реттеудi және бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қатысатын мемлекеттік басқару органы болып айқындалсын. 2. Мемлекеттік реттеудi жүзеге асыру мәселелерiн және бақылау мен қадағалау функцияларын қоспағанда, жоғарыда көрсетiлген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жұмыс органының функциялары "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамына жүктелсiн. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1105 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара) 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |