|
|
|
Бұрынғы темекi фабрикасының мyлкiн Алматы қаласының коммуналдық Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау, нарықтық инфрақұрылымды, инновациялық қызмет пен қолөнер кәсiбiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Алматы қаласы әкімінiң Алматы қаласы, Мақатаев көшесi, 117 мекен-жайы бойынша орналасқан бұрынғы темекi фабрикасы ғимараттарының өндiрiстiк кешенiн, құрылыстарын, негiзгi құралдарын (бұдан әрi - Мүлiк) Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы ұсынысына келісім берiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Мүлiктi Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне берудi қамтамасыз етсiн. 3. Алматы қаласының әкімі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi, "Филип Моррис Қазақстан" ашық акционерлік қоғамы мен "Филип Моррис Холланд Б.В." компаниясы арасында жасалған өтеусiз беру туралы 2002 жылғы 3 мамырдағы № 397 шартқа сәйкес қызметi темекiнi, темекiлiк және темекiмен байланысты өнiмдi сақтаумен, қайта өңдеумен және өндiрумен байланысты болмайтын Өнеркәсiптiк парктi құру және тиiмдi дамыту үшiн Мүлiктi пайдалануды қамтамасыз етсiн. 4. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттік меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 394-жолмен толықтырылсын: "394, Алаңы 37,8 мың шаршы метр темекі фабрикасының объектісі Мақатаев көшесі, 117". 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |