Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығына түсініктеме Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы (бұдан-әрі - Бағдарлама) елдің агроөнеркәсіп кешенін еркін нарықтық экономиканың принциптеріне сәйкес одан әрі дамытуды көздейді. Бағдарламаның негізгі мақсаты агроөнеркәсіп кешенінің тиімді жүйесін құру, бәсекеге қабілетті өнім шығару мен ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды етудің негізінде Қазақстанның азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп айқындалған. Бағдарламада ағымдағы ахуалға талдау жасалып, проблемалар айқындалған әрі саланы дамытудың шаралары көзделген. Жақын кезеңде шешуді талап ететін негізгі проблемалар: - азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің тұрлаусыздығы; - жер қатынастары мен су пайдалану саласындағы қатынастардың шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіне сәйкессіздігі; - агротехнологиялардың, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен өндірісті техникалық жарақтандырудың төмен деңгейі; - отандық өнімнің және оны қайта өңдеу өнімдерінің ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетінің төмендігі; - агроиндустриялық секторда капитал айналымы мен инвестициялардың жеткіліксіздігі; - ауылда маркетинг, қызмет көрсету және консультация беру қызметтерінің дамымауы деп белгіленген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|