|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысына толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 Қаулысымен күші жойылды
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: «Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, № 29, 255-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақыларын тағайындау мен оны төлеудің ережелеріндегі: 3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «ұлттық қауіпсіздік органдары әскери қызметшілерінің шетел мемлекеттерінің арнайы қызметтері мен ұйымдарында, сондай-ақ қылмыстық топтарына тапсырмаларды орындау уақыты.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |