|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 "Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiнде 2001-2002 жылдарға арналған iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 450 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: тақырыбында және мәтiнiнде "кәсiпорындарды", "мекемелердi" деген сөздер алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртібінде: тақырыбында және мәтiнiнде "кәсiпорындарды", "мекемелердi" деген сөздер алынып тасталсын; бiрiншi абзацтағы "Республика министрлiктерi, мемлекеттік комитеттерi, ?кімет құрамына енбейтiн орталық атқару органдары мен ведомстволары, жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдары" деген сөздер "Республиканың орталық және жергiлiктi атқарушы, жергiлiктi өкiлдi, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдары" деген сөздермен ауыстырылсын; үшiншi абзацта: "барлық атаулардың дұрыс жазылуы қазiргi қазақ әдеби тілінiң нормаларына сәйкес жүргiзiлiп" деген сөздер "барлық атаудың мемлекеттік тiлде жазылуы қазiргi қазақ әдеби тілінiң нормаларына сәйкес келуi тиiс" деген сөздермен ауыстырылсын; "ұлт тiлдерiндегi" деген сөздер "тiлдердегi" деген сөзбен ауыстырылсын; төртiншi абзацтағы "республика аумағында үш жағдайдан артық емес" деген сөздер "әрбiр облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана үшiн үш жағдайдан артық емес" деген сөздермен ауыстырылсын; 4, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "4. Ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды және мемлекеттік меншiктегi басқа да объектiлердi, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау және қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау туралы шешiмдi тиiстi орталық атқарушы органдардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының ?кіметi жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасының ?кіметi қабылдайды. 6. Ұйымдарды атау, қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік қайта тiркеуге әкеп соғады. 7. Тiзбесi осы Тәртiптiң 4-тармағында көрсетiлген объектiлердiң атауларын тiркеудi, оларға ғылыми сараптама жүргiзудi, практикалық шаралардың iске асырылуын бақылауды, атауларды реттеудiң әдiснамасын әзiрлеудi, тұрғындар арасындағы түсiндiру жұмыстарын, түрлi анықтамалықтар, сөздiктер, ономастиканың өзектi проблемалары бойынша әдiстемелiк талдамалар шығаруды, ғылыми-практикалық конференциялар мен кеңестер өткiзудi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі жүзеге асырады.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |