|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 538-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықта; 12-тармақ «ұйымның» деген сөзден кейiн «мамандығы бойынша 1 жылға дейiнгi жұмыс стажы бар» деген сөздермен толықтырылсын; 13-тармақ «ұйымы» деген сөз «ұйымының» деген сөзбен ауыстырылып, осы сөзден кейiн «мамандығы бойынша 9 жылдан 11 жылға дейiнгi стажы бар» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |