|
|
|
"Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 182-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 21, 778-құжат; № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1-баптың жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөніндегі комиссиялар - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың жанынан құрылатын консультациялық-кеңесшi органдар."; 2-бап мынадай редакцияда жазылсын: "2-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау туралы заңдар Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгендерден өзге ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады."; 1-тармақ "алпыс мың еселенген" деген сөздерден кейiн "айлық" деген сөзбен толықтырылсын; 8-тармақта: "бұл заңды тұлға" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын; "қолданылып жүрген" деген сөздер алып тасталсын; бесiншi абзацтағы "(салықтық каникулдар, мүлiктiк гранттар, салықтық несиелер, салық ставкаларын кемiту, затты сипаттайтын құжатқа сәйкес кеден баждары бойынша жеңiлдiктер)" деген сөздер алып тасталсын; оныншы абзацтағы "қоғамдық-сараптамалық" деген сөз алып тасталсын; тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "6-бап. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалары"; 1-2-тармақтағы "өнеркәсiптiк (салалық)" деген сөздер "салалық" деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақтағы "ведомстволар" деген сөз "мемлекеттік органдар" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта: бiрiншi абзацта: "қоғамдық-сараптамалық" деген сөз алып тасталсын; "комиссиялар сауда-өнеркәсiп палаталарымен" деген сөздер "комиссиялармен" деген сөзбен ауыстырылсын; 1) тармақшаның бесiншi абзацында: "жергiлiктi" деген сөз алып тасталсын; "қолданылып жүрген" деген сөздер "салық" деген сөзбен ауыстырылсын; 3-тармақта: "Ұйымдар - табиғи монополистер" деген сөздер "Табиғи монополия субъектiлерi" деген сөздермен ауыстырылсын; "олардың негiзiнде шағын кәсiпорындар құра отырып" деген сөздер алып тасталсын; тақырыбындағы "қоғамдық-сараптамалық" деген сөз алып тасталсын; 1-тармақта: бiрiншi абзацта: "Қоғамдық-сараптамалық" деген сөз алып тасталсын; "комиссиялар мен сауда-өнеркәсiп палаталары" деген сөздер "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөніндегі комиссиялар" деген сөздермен ауыстырылсын; үшiншi абзацтағы атқарушы өкiмет органдарында" деген сөздер "мемлекеттік органдарда" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта: "қоғамдық-сараптамалық" деген сөз алып тасталсын; "жергiлiктi атқарушы органдар жанындағы" деген сөздер "мүдделi мемлекеттік органдар өкiлдерiнен," деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөніндегі комиссиялар туралы ереженi - Қазақстан Республикасының Yкіметі, жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы комиссиялар туралы ереженi жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi."; 1, 2, 2-1-тармақтар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын: "2-2. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс ұйымдастырған кезде оны ұйымдастырушы - тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алуды жүзеге асыруға мiндеттi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасын және олардың көлемiн (процентпен көрсетiлгенде) Қазақстан Республикасының Yкіметі жыл сайын айқындап отырады."; 2-тармақтағы "осы Заңның 12-бабына сәйкес шағын кәсiпкерлiктi дамытуға жұмсалатын барлық қаражат көлемiнiң кем дегенде 0,5 процентi мөлшерiнде" деген сөздер алып тасталсын; 4-тармақта: "(заңды және жеке тұлғаларға)" деген сөздер алып тасталсын; "төленетін соманы үш жыл кейінге қалдыра отырып" деген сөздер "сома төлей отырып, Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтағы "кәсiпорындардың - табиғи монополистердiң қызметiн монополияға қарсы реттеу қолданыла отырып," деген сөздер алып тасталсын; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "6. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн екiншi деңгейдегi банктерде шоттар ашу ақы алынбай жүргiзiлуi мүмкiн."; 7-тармақта "пайдаланылмайтын" деген сөз "бiр жылдан астам пайдаланылмаған" деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "8. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi шартта көзделген талаптарды орындаған жағдайда, өздерiне Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету салаларын дамыту үшiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлген объектiлерге меншiк құқығын шарт жасалған кезден бастап бiр жыл өткеннен кейiн тегiн алады. Бұл талаптар сауда-саттық (делдалдық) қызметiн жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қолданылмайды. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалға алу немесе сенiмгерлiкпен басқару шартының талаптарын орындауын бақылауды жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады."; 10-баптың 1-тармағындағы "қолданылып жүрген" деген сөздер алып тасталсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметi өз қаражаты, шетелдiк инвестициялар және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қаржыландырылады."; 2-тармақтағы "қолданылып жүрген" деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақта: бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Жеке тұлғалар - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қоғамдық бiрлестiктер құра алады."; екiншi бөлiкте: "қауымдастықтар", "қауымдастықтардың" деген сөздер тиiсiнше "қоғамдық бiрлестiктер мен қауымдастықтар", "қоғамдық бiрлестiктер мен қауымдастықтардың" деген сөздермен ауыстырылсын; төртiншi абзацта "актілерінiң" деген сөз "нормативтiк құқықтық актілерінiң" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң, жергiлiктi атқару органдарының" деген сөздер алып тасталсын; 2-1-тармақта: "қауымдастықтардың", "қауымдастықтардан" деген сөздер тиiсiнше "қоғамдық бiрлестiктер мен қауымдастықтардың", "қоғамдық бiрлестiктер мен қауымдастықтардан" деген сөздермен ауыстырылсын; Заңның орыс тiліндегі мәтiнiнiң төртiншi абзацында сөздердi ауыстыру қазақ тiліндегі мәтiнде өзгерiссiз қалдырылсын; бесiншi абзацтағы "заңдардың нормаларына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ алып тасталсын; 4-тармақтағы "атқарушы өкiмет органдары" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы "қолданылып жүрген" деген сөздер алып тасталсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Тексерулер жүргiзген кезде мемлекеттік бақылаушы органдардың қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексеру жүргiзу туралы негiздеменi көрсетуге және шағын кәсiпкерлiк субъектiсіндегі Келушiлердi есепке алу кiтабына тексеру жүргiзiлгендiгi туралы, лауазымын, тегiн, тексерудiң мақсаты мен нәтижелерiн көрсете отырып, белгi қоюға мiндеттi."; 6-тармақты "заң актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |