|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 және 2002 жылғы 27 наурыздағы № 357 қаулыларына өзгеріс енгізу туралы (2016.29.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына: 1) тармақшада: «Қаржы бірінші вице-министрі» деген сөздер «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшада: «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Келімбетов Қайрат Нематұлы» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшада: «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Павлов Александр Сергеевич» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақшада: «Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы» деген сөздермен ауыстырылсын; «Қаржы вице-министрі» деген сөздер «Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақшада: «Қаржы вице-министрі» деген сөздер «Қаржы бірінші вице-министрі» деген сөздермен ауыстырылсын; «Экономика және сауда» деген сөздер «Индустрия және сауда» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) ҚР Үкіметінің 2016.29.08. № 488 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |