|
|
|
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбір мәселелері ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1118 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қазандағы № 1578 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы 1999 ж., № 49, 472-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде: 1-тармақтың екінші абзацында "ведомстволары" деген сөз "ведомствосы" деген сөзбен ауыстырылсын, "Инвестициялар жөніндегі комитет" деген сөздер алынып тасталсын; 10-тармақтың 6-1) тармақшасы алынып тасталсын; 9) тармақшадағы ",сондай-ақ Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты жөніндегі мәселелері" деген сөздер алынып тасталсын; 9-1) тармақша алынып тасталсын. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 166 қаулысының 1, 2-тармақтары; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 маусымдағы № 628 қаулысы. 3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |