|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудiң тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 3, 39-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын берудiң тәртібінде: мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға Келісім-шарт жасасу үшін тiкелей келiссөздерге қатысуға өтiнiм, сондай-ақ мыналарды қамтуы тиiс: 1) зиянды, улы заттарды, қатты және сұйық қалдықтарды көму, ағын және өнеркәсiптiк суларды ағызу орындары объектiлерiнiң жалпы сипаттамасы (объектiнiң орналасқан жерi, пайдалану мерзiмi, ұстауға арналған шығындар, жер асты сулары, қоршаған орта және жер қойнауы мониторингi қадағалау желісінiң болуы және орналасуы); 2) объектiлердiң физикалық сипаттамасы-оқшаулану сипаттамасы, тау жыныстарының түрлерi, коллекторлық қабаттың орналасу тереңдiгi және тиiмдi қуаты, оның алаңы, кеуектену коэффициентi, астыңғы және үстiңгi су ұстағыштардың сипаттамасы, жер асты сулары табиғи ағынының жылдамдығы, сандық және сапалық көрсеткiштер, тау-кендiк, арнайы инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық көму, қоймаға салу және ағызу шарттары; 3) қызметi зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, ағын және өнеркәсiптiк сулардың пайда болуына әкеп соғатын ұйымдар туралы мәлiметтер (орналасқан жерi және ведомстволық тәуелдiлiгi); 4) зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, ағын және өнеркәсiптiк сулардың сипаттамасы (өнiмнiң атауы, нәтижесінде өнiм пайда болатын техникалық өндiрiс немесе процесс, олардың физикалық сипаттамасы, толық химиялық құрамы, улы компоненттердiң болуы, өрт-жарылғыш қауiптiлiгі, ерiгiштiгі, сақталған кездегi басқа заттармен сыйымдылығы, ластандыратын негiзгi радионуклидтер, олардың белсендiлiгі, тасымалдау жүйелерiнiң сипаттамасы); 5) геологиялық ақпараттың мемлекеттік сараптамасының қорытындысы; 6) мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы.»; 28 және 29-тармақтардағы «және сауда» деген сөздер «және бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақшадағы «Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен» деген сөздер «Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен» деген сөздермен ауыстырылсын»; 2) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгімен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен» деген сөздермен ауыстырылсын; «Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгіне» деген сөздер «Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын; «және Мемлекеттік кiрiс министрлігіне» деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |