|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 және 2002 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.11.03 ж. № 1191 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiнде: "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген 1-бөлiмiнде: "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" деген жолдың 3-бағанындағы "53" деген сан "55" деген санмен ауыстырылсын; 2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 22 мамырдағы № 550 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 14, 150-құжат): 2-тармақтың 3) тармақшасында "5" деген сан "6" деген санмен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесiнiң, жарғысында: 20-тармақта "үш вице-президентi болады." деген сөздер "төрт вице-президентi болады." деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |