|
|
|
Республикалық меншіктің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының теңгерімінен Алматы қаласы, Достық даңғ., 44-үй мекен-жайындағы ауданы 467,8 м2 үй-жай Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Алматы қаласының әкімиятымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен жоғарыда көрсетілген үй-жайды Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын. 3. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілетін объектілердің тізбесі: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 395-жолмен толықтырылсын: "395. Алаңы 467,8 м2 үй-жай Достық даңғ. 44-үй". 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |