|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы № 311 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 23 тамыздағы № 476 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы № 311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 9, 97-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде: 3-тармақтың бірінші абзацындағы "жергілікті атқарушы органдардың" деген сөздерден кейін ", шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ескерткіштер мен монументтер орнату туралы" деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақтағы "қажеттілігіне қарай" деген сөздерден кейін "тоқсанына кемінде бір рет" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2, және 5-3-тармақтармен толықтырылсын: "5-1. Комиссия құрамына жетекші сәулетшілер мен мүсіншілер, өнертанушылар, мемлекеттік органдардың, ғылым және мәдениет мекемелерінің, шығармашылық одақтардың және басқа да мүдделі ұйымдар мен мекемелердің өкілдері кіреді. 5-2. Комиссияның қарауына ұсынылатын мәселелердің тізбесін түсуіне қарай жергілікті атқарушы органдардың, шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары бойынша Комиссияның жұмыс органы жасайды. 5-3. Құрылысы аяқталған, эскиздері мен модельдері мәжілістерде алдын ала қаралмаған ескерткіштер мен монументтер жөніндегі ұсыныстар Комиссияның қарауына қабылданбайды"; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамына мыналар енгізілсін: Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы Бауыржан Әлімұлы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Бақытжан Тұрсынұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі Аманшаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет, Ермек Әмірханұлы ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы, хатшы Ерғалиева - Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының Райхан Әбдешқызы кафедра меңгерушісі, өнертану докторы (келісім бойынша); мынадай жол: "Есдәулет - Қазақстан Республикасы Ұлықбек Оразбайұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің сектор меңгерушісі" мынадай редакцияда жазылсын: "Есдәулет - "Қазақ әдебиеті" газетінің Ұлықбек Оразбайұлы бас редакторы"; көрсетілген Комиссияның құрамынан: Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы, Тілеухан Бекболат Қанайұлы, Барманқұлова Баян Кәрібайқызы шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |