|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 26 мамырдағы № 649 Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінiң "ФУМЭКС" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 26 мамырдағы № 649 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 22, 221-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1-тармақта "өсiмдiктердi, өсiмдiк тектi өнiмдердi және өзге де карантинге жатқызылған өнiмдердi залалсыздандыруды және сараптама жасауды қамтамасыз ету" деген сөздер "өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында iс-шаралар жүргiзу" деген сөздермен ауыстырылсын; мемлекеттік тiлдегi мәтiнi мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі кәсiпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн"; 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "1) аса қауiптi зиянды организмдердiң фитосанитарлық мониторингiн;"; 2) тармақшада "карантиндiк зиянкестерге, өсiмдiктердiң ауруларына және арамшөптерге қарсы iс-шаралар жүргiзу" деген сөздер "карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою жөніндегі iс-шаралар жүргiзу және карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыру оның iшiнде фумигациялау" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-1) тармақша алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 2-3), 2-4) тармақшалармен толықтырылсын: "2-3) тiркеуге ұсынылған пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрiстiк жағдайда сапасын анықтау үшiн өндiрiстiк сынақтан өткізу; 2-4) ауыл шаруашылығы өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың), нитраттардың, нитриттердiң және ауыр металдар тұздарының қалдық сандары болуын тексеру". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |