Қазақстан Республикасы азаматтарының салымдарына өтем жасау ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы азаматтарының "Қазақстан Халық Банкі" ашық акционерлік қоғамында қолданыстағы шоттарда сақтаулы бұрынғы КСРО қазақ республикалық жинақ банкіндегі салымдарының қалдықтарына өтем жасау мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы азаматтарының "Қазақстан Халық Банкі" ашық акционерлік қоғамында қолданыстағы шоттарда сақтаулы бұрынғы КСРО Қазақ республикалық жинақ банкіндегі салымдарына өтем жасауды жүргізсін. Өтем жасауға 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы азаматтары салымдарының қалдықтары жатады. 2. Өтем жасау КСРО Қазақ республикалық жинақ банкіндегі салымдар қалдықтары бойынша мемлекеттік ішкі қарызды: 1) мұраға қалған салымдарды ескере отырып, 1936 жылдан бастап 1940 жыл қоса есептелетін аралықта туылған азаматтардың салымдарын өтеу сомасына айналым мерзімі бір жылдық; 2) мұраға қалған салымдарды ескере отырып, 1941 жылдан бастап 1960 жыл қоса есептелетін аралықта туылған азаматтардың салымдарын өтеу сомасына айналым мерзімі екі жылдық; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|