|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 сәуірдегі № 487
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 сәуірдегі № 487 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 14, 171-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 2.3.9-жолы алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |