|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi № 1438
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1102 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. "Мемлекеттік білім мекемелерiнің ақылы білім беру қызметiн көрсетудiң тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi № 1438 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 47, 440-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру мекемелерінің ақылы білім беру қызметiн көрсетуінің тәртібі: мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын: "2-3. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының ақылы білім беру қызмет көрсетуiне, сондай-ақ жоғарғы, жоғарғы оқу орнынан кейiнгi және қосымша кәсiптiк білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызмет көрсетуi жатады". 5-тармақтың үшiншi абзацында: "2-1 және 2-2-тармақтарында" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын: "2-1 және 2-2, 2-3-тармақтарында"; "кәмелетке толған азаматтар" деген сөздерден кейiн "немесе заңды тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын. 6-тармақтың екiншi абзацындағы "2-1 және 2-2-тармақтарында" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын: "2-1 және 2-2, 2-3-тармақтарында". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |