Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының ҚР Үкіметінің 2003 ж. 18 сәуірдегі № 370 қаулысымен Меморандум бекiтілді І. Жалпы бөлім 1. 1992 жылғы 10 мамырда қол қойылған Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Америка Құрама Штаттары Үкіметінiң арасындағы Көмек көрсету саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнiң ("Келісім 1992") 5 бабына сәйкес, бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Yкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Yкіметі, осы Өзара түсiнiстiк туралы Меморандумды (бұдан әрi Өзара түсiнiстiк туралы Меморандум) жасасады. Өзара түсiнiстiк туралы Меморандумды орындау 1992 жылғы Келісімнiң шарттарымен реттеледi. 2. Тараптар, заңсыз есiрткi саудасы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте Қазақстанның құқық қорғау, соттық және прокуратура органдарының мүмкiндiктерiн арттыруға бағытталған жобаны ұйымдастырып және оған қолдау көрсетуге келiседi. 3. Тараптар қабылдап, ұсынуға тиiс жобаны қолдауға бағытталған iс-қимылдар мен ресурстар, егер бiрлесiп келiскен өзге түзетулер болмаса, онда төменде көрсетiлгендей, Тараптардың мiндеттерi ретiнде қарастырылады. 4. Өзара түсiнiстiк туралы Меморандумның шарттарына сәйкес АҚШ-тың үкiметтiк мекемелерiмен келісім-шарт бойынша қамтамасыз етiлiп, грант немесе басқа техникалық көмек түрiнде, сондай-ақ тренинг қалпында төменде сипатталған жобаға (бұдан әрi - Жоба) жұмсалатын Америка тарапының жалпы үлесi 530.000 АҚШ долларын құрайды, яғни Америка тарапы, жалпы көмектiң (бөлiнген қорлардың) 110 000 АҚШ долларын ұсынады. Жобаның алдағы уақытта қаржыландыруы Конгрестiң шешiмiне және Мемлекеттік Хатшының есiрткiнi және құқық қорғау қызметiнiң халықаралық бақылау мәселелерi жөніндегі орынбасарының қорларды бөлуiне және бекiтуiне байланысты болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|