|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 231 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 1. "Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 534-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн: 1) тақырыптағы және мәтiндегі "үйлестiру кеңесiн", "үйлестiру кеңесi" деген сөздер "кеңес" деген сөзбен ауыстырылсын; 2) көрсетiлген қаулыға қосымшада: тақырыптағы және мәтіндегі "Үйлестiру кеңесiнiң" деген сөздер "Кеңестiң" деген сөзбен ауыстырылсын; Туризм жөніндегі кеңестiң құрамына мыналар енгiзiлсiн: Кәрменова - "Астана қаласының туризм орталығы" Альмира Нұрқасқызы еншiлес мемлекеттік коммуналдық кәсiпорнының директоры көрсетiлген Кеңестiң құрамынан: Жидебай Құдайбергенұлы Көпенов, Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев, Мұрат Арзаұлы Мұртазаев, Өмiрбай Көпбайұлы Мұсаев, Нұрлан Құсайынұлы Рахметов, Анатолий Александрович Белоног, Нұрлан Әбдiлдаұлы Ысқақов, Владимир Викторович Шнейдмюллер шығарылсын; 3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Туризм жөніндегі үйлестiру кеңесi туралы ережеде: тақырыптағы және мәтіндегі "үйлестiру кеңесi" деген сөздер "кеңес" деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Туризм жөніндегі кеңес (бұдан әрi - Кеңес) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын iске асыру мақсатында құрылды"; 4-тармақтағы "Туризм туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: "5-1. Туризм жөніндегі кеңестiң он бес мүшесi болады, оның жетеуі уәкілетті орган мен өзге де мемлекеттік органдардан, сегіз мүшесi қауымдастықтар мен өзге де туристiк ұйымдардың бiрлестiктерiнен өкiлдiк етедi"; тақырыптағы "мiндеттерi" деген сөзден кейiн "функциялары" деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: "6-1. Кеңестiң функциялары мынадай мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады: 1) Қазақстан Республикасында туризмді дамыту 2) экономиканың осы салаларына инвестициялар тарту; 3) Қазақстан Республикасына келудiң қолайлы режимiн қамтамасыз ету және туристердiң шет елдерге шығуы үшiн жағдайлар жасау; 4) республиканың туристік беделiн қалыптастыру; 5) туристiк қызмет саласында мамандар даярлау; 7-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1)тармақшамен толықтырылсын: "6-1) туристік қызметтердi тұтынушыларды қызметтер көрсетудiң сапасы туралы ақпараттандыру мақсатында оларға бекітілген тәртiп бойынша туристiк ұйымдардың рейтингiн жүргiзедi"; 9-тармақтағы "орынбасарларының бiрi" деген "орынбасары" деген сөзбен ауыстырылсын; 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |