|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн: 1) тақырыбы мен мәтiнiнде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың" деген сөздер "мемлекет кепілдiк берген қарыздардың" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдiгi бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында: тақырыбында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың" деген сөздер "мемлекет кепiлдік берген қарыздардың" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн: Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл Дулат Нулыұлы шаруашылығы вице-министрi; Гусинский - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Александр Владимирович Сенаты Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетiнiң мүшесi (келісім бойынша); Кәкiшев - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жандарбек Шәмiлұлы Сенаты Аймақтық даму және жергiлiктi өзiн-өзi басқару мәселелерi жөніндегі комитетiнiң мүшесi (келісім бойынша); Бәжеев - Қазақстан Республикасының Бас Амантай Бәжейұлы прокуратурасы Департамент бастығының орынбасары (келісім бойынша); Раев - Қазақстан Республикасының Әдiлет Мұрат Құмарұлы вице-министрi; Молоканов - "Қазақстан Эксимбанкі" ашық Александр Александрович акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша); Сәпиев - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" Еркебұлан Оңалбекұлы жабық акционерлік қоғамының басқармасы төрағасының бiрiншi орынбасары (келісім бойынша); мына: "Свечников - Қазақстан Республикасының Вячеслав Иванович Президентi Әкiмшiлiгiнің Мемлекеттік құқықтық бөлiмi құқықтық тәртiп және заңдылық секторының меңгерушiсi (келісім бойынша); Ыбырайымов - Қазақстан Республикасының Қаржы Рүстембек Қуатәлiұлы министрлігі Мемлекеттік борыш және кредит беру департаментiнiң директоры орынбасарының мiндетiн атқарушы, хатшы;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Свечников - Қазақстан Республикасының Президентi Вячеслав Иванович Әкiмшiлiгiнің Мемлекеттік-құқықтық бөлiмiнiң мемлекеттік инспекторы (келісім бойынша); Ыбырайымов - Қазақстан Республикасы Қаржы Рүстембек Қуатәлiұлы министрлігінiң Мемлекеттік борыш және кредит беру департаментi директорының орынбасары, хатшы;"; көрсетiлген комиссияның құрамынан: Лилия Сәкенқызы Мусина, Ермекқали Аққалиұлы Биғалиев, Сәкен Спаханұлы Сейдуалиев, Сейiтсұлтан Сүлейменұлы Әйiмбетов, Құралай Сейсембайқызы Жұмамбаева, Темiржан Қадырбекұлы Мейрамбеков шығарылсын. 3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: тақырыбы мен мәтiнiнде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттік емес сыртқы заемдарға", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдігі бар мемлекеттік емес заемдардың" деген сөздер тиiсiнше "", "мемлекет кепiлдiк берген қарыздарға" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; "банктердiң өкiлдерi" деген сөздерден кейiн "және өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкiлдерi" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |