|
|
|
"Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан (2005.26.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
"Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 15.11.04 ж. № 1201 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды 1. Жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негізделген мемлекеттiң 100 пайыз қатысуымен "Ұлттық инновациялық қop" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын. 2. Қоғам қызметiнiң мақсаты елдегi жалпы инновациялық белсендiлiкті арттыру, оның iшiнде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi дамытуға жәрдемдесу болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқығын берсiн. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесiп, заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) республикалық бюджет қаражаты есебiнен 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерiнде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастырсын; ҚР Үкіметінің 2005.26.07. № 776 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) Қоғамның негiзгi мiндеттерi болып мыналар белгiленсiн: отандық және шетелдiк инвесторлармен бірлесiп, венчурлық қорларды құру, инновациялық жобаларды венчурлық қаржыландырудың тетiктерi мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу; гранттар беру жолымен экономиканың коммерциялық тиiмдiлiгi мен технологиялық даму көзқарасы тұрғысынан әлеуеттi перспективалы болып табылатын жаңа технологияларды, тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетудi құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру; инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестiк бақылаусыз қатысу жолымен инновацияларды енгізудi қаржыландыру; инновациялық инфрақұрылымдардың мамандандырылған субъектiлерiн (технопарктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар) құруға қатысу; "инновациялық технологияларды көшiру, қарызға алу және өcipу", оларды коммерцияландыру және енгізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту; 3) Қоғамның Инвестициялық саясат туралы үш жылға арналған меморандумын бекiтудi акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызсын; 4) Қоғамды Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында тiркеудi қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесiп, бір ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Yкіметіне "Республикалық инновациялық қор" жабық акционерлік қоғамның одан әрi қызметiнiң орындылығы туралы ұсыныс енгiзсiн. ҚР Үкіметінің 23.07.03 ж. № 733 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестердiң тiзбесiнде: "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-50-жолмен толықтырылсын: "21-50. "Ұлттық инновациялық қор" АҚ"; 2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: көрсетiлген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 268-1-жолмен толықтырылсын: "268-1 "Ұлттық инновациялық қор" АҚ". 7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |