|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 12 желтоқсандағы № 1623
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
Ауылдық тауар өндiрушiлер өнiмiнiң сауда рыноктарына қол жетiмділік мүмкiндiктерiн кеңейту, бәсекелестiктi дамыту және азық-түлiк тауарларына бөлшек бағаларды төмендетуге бағытталған кезек күттiрмейтiн шараларды қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Аса маңызды азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 12 желтоқсандағы № 1623 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 47, 553-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн: мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер, Көлiк және коммуникациялар, Денсаулық сақтау Ауыл шаруашылығы министрлiктерi белгiленген үлгідегi, оның iшiнде автокөлiк құралдарының параметрлерiн, өнiмнiң сапасы мен қауiпсiздiгiн растайтын, тауардың шығу тегi туралы куәландыратын және тиiсті уәкілеттi органдар берген несие құжаттары болған кезде, азық-түлiк тауарларын, оның iшiнде жемiс-көкөнiс өнiмiн тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдарына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль жолдарында жеке және заңды тұлғалар кiдiрiс туғызатын заңсыз iс-әрекеттердi жоюды қамтамасыз етсiн."; "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттігi" деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақшадағы "сатумен айналысатын" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль жолдарындағы бақылау-өткізу бекеттерi арқылы тауар өткiзетiн" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 6)-8) тармақшалармен толықтырылсын: "6) сауда-сатып алу ұйымдарымен бiрлесiп, облыстық, аудандық орталықтар мен қалалардың сауда рыноктарына жеткізу үшiн ауылдық жерлерден азық-түлiк тауарларын сатып алуды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қарастырсын; 7) өңiрлер кәсiпкерлерiнiң пiкiрiн ескере отырып, олардың тез бұзылатын азық-түлiк тауарларды, оның iшiнде жемiс-көкөнiс өнiмiн тасымалдауға арналған тоңазытқыш қондырғыларымен жабдықталған арнайы автомобильдердi лизингтiк негiзде сатып алу сызбасын әзiрлесiн және енгiзсiн; 8) мынадай: сауда қызметi, жеке кәсіпкерлердің қызметi саласындағы проблемалық мәселелердi, оның iшiнде базарлар мен басқа сауда нүктелерiнде тұтынушылар мен сатушылар арасында туындайтын әртүрлi жағдайларды жергіліктi теледидар арналары мен басқа да бұқаралық ақпарат құралдары бойынша баяндау; бұқаралық ақпарат құралдарында азық-түлiк тауарларының түсуi, болуы, бағалары және сатылу орындары туралы жарнамалық және ақпараттық материалдарды жариялау; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сауда рыноктары иемденген жер телiмдерiн жалға беру мерзiмдерiн ұзақ кезеңге ұзарту, жұмыс iстеп тұрған сауда рыноктары иемденген және жаңа базарлардың құрылысына арналған жер телiмдерiн тараптардың (кәсiпкерлер мен әкiмдiктiң) келісімi бойынша сатуды жүзеге асыру; шаруашылық субъектiлерi - ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік санитарлық бас дәрiгерiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi № 38 бұйрығымен бекiтілген "Азық-түлiк базарларының құрылымына, оларды ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар" санитарлық ережелерi мен нормаларының талаптарына сәйкес тұтынушылар үшiн қол жетiмдi жерде орналасқан, азық-түлік тауарларын, оның iшiнде жүк автомобильдерiнен сатуға арналған, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мамандандырылған алаңдарды беру; азық-түлiк тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнiмiн жеткізудi жүзеге асыратын жүк автомобильдерiнiң жүргiзушiлерiне тиiстi әкімшілiк-аумақтық бiрлiктің аумағына кіру кезiнде сызбалар-жол көрсеткiштер немесе азық-түлiк тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнiмi қамбаларының, қоймаларының және өзге сақтау пункттерiнiң, оларды көтерме сату-сатып алудың болуы туралы ақпараттық буклеттер беру мүмкiндiктерiн қарастырсын."; мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: "7-1. Бiр ай мерзiмде Қарағанды, Солтүстiк Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының және Астана қаласының әкiмдерi басқа облыстардың және Алматы қаласының әкімдерiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң сауда саласындағы аумақтық бөлiмшелерiн тарта отырып, азық-түлiк тауарларын, оның iшiнде жемiс-көкөнiс өнiмiн тiкелей жеткізу жөнiнде шарттар жасасу үшiн кәсiпкерлер арасында кездесулер ұйымдастырсын.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |