Стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi туралы (2007.26.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы № 795 Бұйрығымен күші жойылды
"Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 2-тармағын iске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса берiлiп отырған стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi туралы ереже бекітілсiн. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерiнiң) басшылары, стационарлық көмек көрсететiн республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары осы бұйрықты басшылыққа алсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсiн. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
"Стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 қыркүйектегі № 704 бұйрығымен бекітілген Стационарлық көмек көрсететiн республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi туралы ереже 1. Осы стационарлық көмек көрсететiн республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және меншік нысанына қарамастан, олардың қызметiнiң тәртібін белгiлейдi. 2. Медициналық ұйымдарда стационарлық көмек олардың лицензияда белгiленетiн қызметiнiң бағыттарына сәйкес көрсетiледi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|