|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi № 785 қаулысына
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 353 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Ағаш пайдаланудың жеке мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi № 785 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 22, 239-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Кеден аумағында тауарларды қайта өңдеудiң, тауарлардың экспорты мен тауарлардың реэкспортының кеден режимдерiне сәйкес қосымшаға орай ағаш материалдарын, кесiлген ағаш материалдарын және сүректен жасалған жекелеген бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын."; 2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулыға қосымшада: мына: "4401 10 000*-нан Бөренелер, шөркелер түрiндегi отындық сүрек" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "4401 10 000*-нан Бөренелер, шөркелер түрiндегi, оның iшiнде шөркелер, шөпшек байламдар түрiнде немесе осындай ұқсас түрлерде сексеуiлден дайындалған отындық сүрек"; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "4401 30-дан Сексеуiл сүрегiнiң үгiндiсi мен қалдықтары; 4418 90 900-ден Өзге ағаш конструкциялары: арқалықтар, мәткелер, төбе жабындысының тiректерi"; мына: "4418 40 000 Ағаш құрылыс бұйымдары, бетон құюға арналған қалып;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "4418 40 000 Бетон құюға арналған қалып;". 2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |