|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға 312-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы "мемлекеттік тiлдi" деген сөздер "мемлекеттік және өзге де тiлдердi" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулыға 318-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында: "Моторолла" радиостанциясы - 1 дана" және "маман үшiн" деген сөздер алынып тасталсын; "радиомикрофон - 3 жинақ," деген сөздерден кейiн "кресло - 250 дана, жұмыс үстелi - 54 дана, роликтi тумба - 50 дана, әмбебап шкаф - 37 дана" деген сөздермен толықтырылсын; көрсетiлген қаулыға 319-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында: "компьютер - 30 дана; принтер - 3 дана" деген сөздер "компьютер - 60 дана; принтер - 14 дана; DCN үшiн камераларды бақылауды бағдарламалық қамтамасыз ету - 1 жиынтық" деген сөздермен ауыстырылсын; "жиһаз" деген сөзден кейiн ", басқа заттар мен материалдар" деген сөздермен толықтырылсын; "жиынтықтаушыларын" деген сөзден кейiн ", әдебиет" деген сөзбен толықтырылсын; "Монтаждау және күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу" деген сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "Жөндеу жұмыстарын жүргізу және құрылымдалған кабельдік жүйені монтаждау, ҚКЖ жабдығы (UPS - 1 дана, RIT жабдығы - 4 дана, жұмыс істеп тұрған жабдық - 2 дана, электр қалқаны - 2 дана)". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |