|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысына
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакциналауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 21-22, 216-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Оларға қарсы алдын ала егулер жүргізілетін жұқпалы және паразиттік аурулардың тізбесінде: 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "қызамық"; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген жоспарлы алдын ала егілуге тиіс адамдардың топтарында: 1) тармақшада "В" вирусты гепатиті" деген сөздерден кейін ", қызамық" деген сөзбен толықтырылсын; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Алдын ала егулер жүргізу ережесіне қосымша: мынадай мазмұндағы 19-бағанмен толықтырылсын: "Қызамық"; "12-15 ай" деген жолдағы 19-баған "+" деген белгімен толықтырылсын; "12 жас" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын; "____________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 _____________________________________________________________ 15 жас (қыздар) + _____________________________________________________________". 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |