|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының "Санитарлық-эпидемиологиялық станциясы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) болып аталсын. 2. Мекеменің негізгі міндеттері: тіршілік ету орта объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайда, халықтың денсаулығына әсер етуін кешенді бағалау; халықтың жұқпалы, паразиттік аурулармен ауруының және улануының пайда болу себептері мен жағдайларын зерттеу болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Мекеменің жарғысына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін және оның әділет органдарына қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бағдарламаларды орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңға сәйкес мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуге жататын мекемелердің тізбесінде: "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы" деген реттік нөмірі 38-жолдағы "Санитарлық-эпидемиологиялық станциясы" деген 1-жол мынадай редакцияда жазылсын: "1 Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы". 5. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |