|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы 3-тармағының 1) тармақшасына, 4-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларына және 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Смета бойынша тиісті органды ұстауға арналған қаражатты үнемдеу есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгiлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) атауында және 1-тармақта: "үнемдеу" деген сөз алынып тасталсын, "қаражатты" деген сөз "қаражат" деген сөзбен ауыстырылсын; "Смета бойынша" деген сөздер "Бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын; кiрiспеде "4-тармағының 2) тармақшасына" деген сөздер "3-тармағының 1) тармақшасына, 4-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларына және 4-1-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекiтілген Смета бойынша тиiстi органды ұстауға арналған қаражатты үнемдеу есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгiлеу ережесінде: атауында: "үнемдеу" деген сөз алынып тасталсын, "қаражатты" деген сөз "қаражат" деген сөзбен ауыстырылсын; "Смета бойынша" деген сөздер "Бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын: "1-1. Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгiлеу бюджеттік бағдарламаны, (кішi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады. 1-2. Мемлекеттік органдардың қызметкерлерiне сыйлық беру мемлекеттік орган басшысы - республикалық бюджеттік бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) әкiмшiсi не оны алмастыратын тұлғаның шешiмi бойынша жүргiзіледi деп белгіленсiн."; 1) тармақшада "(ата-анасының, зайыбының, аға-iнiсiнiң, әпке-сiңлiсiнiң, балаларының)" деген сөздер "(зайыбының, ата-анасының, балаларының, асыраушыларының, асырап алынғандарының, толық туысты және толық туыс емес ағалары мен әпкелерiнiң, аталарының, әжелерiнiң, немерелерiнiң)" деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақшада "зиян келтiру" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: "6) қызметкердiң зейнеткерлiкке шығуы"; 12-тармақта "жеке және жиынтық сметаларына" деген сөздер "бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына" деген сөздермен ауыстырылсын; 13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "- қосымша ақшалай төлемдер."; мынадай мазмұндағы тараумен және 15-тармақпен толықтырылсын: "Мемлекеттік органдар орталық аппараттарының мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерiне бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға көзделген қаражат есебiнен сыйлықақы төлеу тәртібі 15. Сыйлық берудiң мөлшерi мен мерзiмдiлiгiн тиiстi органды ұстауға арналған бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарына сәйкес тоқсандар бөлiгiнде тең үлестермен орталық мемлекеттік органның басшысы - бюджеттік бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) әкiмшiсi белгiлейдi.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |