|
|
|
Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары білім беру ұйымдарындағы білім ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1335 қаулысымен күші жойылды "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң медициналық мамандықтар бойынша оқудың 3 курсынан, басқа кәсiптiк жоғары білім беру мамандықтары бойынша - 2 курстан кейiн меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды енгізу туралы ұсынысы қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі: 1) Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды енгізудi қамтамасыз етсiн; 2) Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекiтсiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |