|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультациялық-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 9, 70-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықта: 2-тармақтың үшiншi абзацының екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: "Комиссиялар құрамына енгізiлетiн мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының мәртебесi департамент директорынан төмен болмауға тиiс."; 7-тармақта "мүдделі мемлекеттік органдардан" деген сөздерден кейiн ", ұйымдардан және өзге де тұлғалардан" деген сөздермен толықтырылсын; 8-тармақтың 4) тармақшасында "министрлiктер мен ведомстволардың" деген сөздер "мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және өзге де тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын; 12-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Жекелеген жағдайларда комиссиялардың/жұмыс топтарының құрамына ғылыми, үкiметтік емес және басқа да ұйымдардың өкiлдерi, ғалымдар, мамандар және олардың келісімi бойынша өзге де адамдар енгiзiлуi мүмкiн."; 14-тармақтың 5) тармақшасында "органдар" деген сөзден кейiн "және ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |